FM ONLINE-ның келесі жарнамасын миллиондаған адам көреді. Сол жарнаманың дизайнын сен жасай аласың! 🔥
Мықты дизайн жасап жүрсің. Енді жұмыстарыңды миллиондаған адам көрсін!
Астанадағы командамызға Senior Designer іздейміз. Сен FM ONLINE-ның негізгі дизайн жұмыстарын қолға алып, брендтің стилін дамытуға үлес қосасың.
Біз оқушыларды ҰБТ-ға дайындаймыз. Қазір жаңа курстар ашып, вебинарлар өткізіп, жарнамалық кампаниялар іске қосып жатырмыз. Айлық қамтуымыз — шамамен 20 млн. Сен жасаған дизайн жарнамаларда, курстарда және портфолиоңа мақтанып қосатын ірі жобаларда қолданылады.
Не жасайсың? 🎨
Жұмыстың шамамен 80%-ы — SMM: посттар, сторис, карусельдер мен жарнамалық креативтер. Сонымен бірге сабақтарға және курс сатуға арналған вебинарларға презентациялар, лендингтер мен баспа материалдарын дайындайсың.
Жаңа өнімдерге дизайн идеясын ұсынып, іске қосылғанға дейін барлық материалын жасайсың. Жұмысты жеңілдетіп, уақытты үнемдейтін шаблондар құрасың.
Біз не ұсынамыз? 🚀
— 400 000–500 000 ₸ + нәтиже үшін премиялар. Нақты жалақы портфолио мен тест тапсырмасының нәтижесіне қарай анықталады.
— Өз идеяларыңды іске асыру мүмкіндігі: FM ONLINE-ның визуалды стилін дамытуға қатысасың.
— Портфолиоға қосатын ірі жобалар: жаңа курстар, үлкен жарнамалық кампаниялар және миллиондаған адам көретін жұмыстар.
— Нәтиже үшін сапарлар мен сыйақылар: жоспар орындалса, командамен Қазақстан ішінде және шетелге сапарлар; жеке жетістіктер үшін шетелге жолдамалар мен ақшалай марапаттар қарастырылған.
— Астанадағы кең кеңсе, жас әрі креативті команда, тимбилдингтер мен үлкен корпоративтер.
— Жұмыс кестесі: 6/1, 10:00–18:00, кеңседе. Айына 80–100 тапсырма. Бір беттік посттар да осы санға кіреді.
Сенен не күтеміз?
— Коммерциялық дизайнда кемінде 3 жыл тәжірибең бар. Тапсырманы түсініп, дайын нәтижеге дейін жеткізе аласың.
— Портфолиоңда төрт бағыт бар: SMM, оқу және сатылым презентациялары, баспа материалдары, лендингтер.
— Figma, Photoshop және Illustrator-да еркін жұмыс істейсің. Auto Layout пен жұмысты жылдамдататын құралдарды қолдана аласың.
— Айына 60–80 жұмыс жасап көргенсің. Жылдам жұмыс істеп, сапаны сақтай аласың.
— Жарнаманың мақсатын және бренд стилін түсінесің. Дизайнда басты ақпаратты көрсетіп, брендтің біртұтас стилін сақтайсың.
— Өз бетіңше шешім ұсынасың. Түзетулерді ескеріп, жұмысты келісілген уақытта тапсырасың.
EdTech, motion design және AI құралдарымен жұмыс тәжірибең болса — қосымша плюс ⚡
Жұмыстарыңды миллиондаған адам көрсін десең — портфолиоңды жібер!
Резюмең мен портфолиоңды «Senior Designer» деп жолда. Танысып, келесі үлкен жобаңды бірге талқылайық!
Будьте осторожны: если работодатель просит войти через Google, iCloud или Госуслуги, прислать код или пароль, запустить ПО или перевести деньги — это мошенники.